Астананың басты көшелерінде әскери техника пайда болды. Оның қалаға нақты не себепті шығарылғаны ресми түрде толық түсіндірілген жоқ.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі adam.dar media сауалына қысқаша ғана: «МКҚ іс-шаралары» деп жауап берді.
Ал Мемлекеттік күзет қызметі 5–6 қазанда Астанада халықаралық саяси іс-шаралар өтетінін ескертті. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, сондай-ақ Қарулы күштер жұмылдырылады.
Елордадағы бірқатар көшеде көлік қозғалысына да уақытша шектеу енгізіледі.
Әскери техниканың көшелерде пайда болуы дәл осы іс-шаралармен байланысты ма — бұл әзірге ресми түрде нақты айтылған жоқ.